22 қаңтар күні Әйет ауылындағы Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 10, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру шарасы өтті. Алдымен тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ысқақов Асылбек Қапенұлы үгіт-насихаттық баяндама жасады. Одан кейін полиция жұмысына арналған киімдер, қару-жарақ және басқа да арнайы техникалардың көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқұшылар үгіт-насихат бейнероликтерін тамашалады, одан кейін Арнайы жедел әрекет ету бөлімшесінің өзін-өзі қорғау тәсілдері мен жүзді қаруды қолдануды көрсететін қойылымы көрсетілді. Келесі кезекте балалар кинологтардың арнайы үйретілген итпен қалай жұмыс істейтінін тамашалады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|