2025 жылдың 29 қаңтарында мектебіміздің ата-аналары, мұғалімдері және оқушылары арасында «Шекарасыз волейбол!» атты волейболдан достық кездесу өтті. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп ұжымы арасындағы байланысты нығайту аясында өткізілді.
👫 Ата-аналар мен мұғалімдер белсенді демалыс пен спорттық шеберліктің үлгісін көрсетіп, оқушылар үлкендермен ойнауға мүмкіндік алды. Мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіруге, жағымды эмоциялармен қуаттануға және дене белсенділігінің маңыздылығын еске түсіруге көмектеседі.
🌟 Мұндай кездесулер игі дәстүрге айналып, ортамызда спорт мәдениеті мен денсаулықты дамытуға септігін тигізетініне сенімдіміз!
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|








