2025 жылдың 29 қаңтарында біз ата-аналар жүргізушілер үшін ақпараттық парақшаларды тарату акциясын өткіздік. Біздің мақсатымыз – жол қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудару және ересектердің балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілігін еске салу.
📃 Парақшаларда балаларды көлікте тасымалдау ережелері бойынша пайдалы кеңестер мен ұсыныстар, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертулер бар. Өйткені, әрбір ата-ана баласының қауіпсіз болғанын қалайды.
🛣️ Жол қозғалысы ережелерін сақтау балаларымыздың қауіпсіз болашағының кепілі екенін ұмытпаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|








