Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды.
🟦20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.
🟦Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.
🟦Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.
Глава государства посетил международную школу KIS Astana
🟦Рабочая поездка Президента Касым-Жомарта Токаева по столице началась с посещения Kazakhstan International School Astana (KIS Astana).
🟦Учебное заведение занимает территорию площадью более 20 тыс. кв. метров и рассчитано на 800 школьников и 120 детей дошкольного возраста. Школа обладает престижной аккредитацией международного бакалавриата (IB), который представлен тремя программами: начальной (Primary Years Programme, PYP) – для детей в возрасте от 5 до 11 лет, средней (Middle Years Programme, MYP) – для детей в возрасте от 11 до 16 лет и старшей школы (Diploma Programme, IB) – для учащихся в возрасте 16–19 лет.
🟦Учебные классы оснащены современными технологиями, создающими комфортные условия для обучения и раскрытия потенциала каждого ученика. Школа также располагает спортивной инфраструктурой: футбольным стадионом, теннисным кортом, мини-футбольным полем и двумя бассейнами.
🟦В ходе посещения Президент отметил важность повышения уровня образования в Казахстане, подчеркнув, что такие учреждения играют ключевую роль в подготовке конкурентоспособных и всесторонне развитых молодых людей.