Жұмысшы мамандықтарының жылы: қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.
Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті.
Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу, кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, кәсіби білікті кадрлар даярлау, сапалы жұмыс орындарын құру, жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау, және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады.
«Кәсіптік бағдар берудің реформасы оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Бүгінде елімізде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда жарты миллионнан астам студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынға ұлғайды, ал студенттердің стипендиясы екі есеге өсті.
Год рабочих профессий: 1000 профильных классов откроют в казахстанских школах
Указом Главы государства 2025 год объявлен Годом рабочих профессий.
В целях повышения престижа рабочих профессий и реформы технического и профессионального образования Правительством утвержден Республиканский план по проведению Года рабочих профессий, а также Министерством принята Дорожная карта трансформации профтехобразования на 2025-2027 годы.
План мероприятий включает 7 направлений и 70 шагов: Атлас новых профессий и компетенции с учетом региональных особенностей, трансформацию технического и профессионального образования, подготовку сертифицированных специалистов международного уровня, создание рабочих мест, защиту прав и повышение статуса рабочих профессий. Совместно с предприятиями откроются 1000 профильных классов в школах.
«Реформа профориентационной работы позволит школьникам узнать о новых требованиях на рынке труда, оценить карьерные перспективы в конкретных отраслях экономики, сделать правильный выбор профессии. Будет усилена профориентационная служба в школах, которая полностью охватит профессиональную диагностику учащихся. А также будет внедрен опыт обучения старшеклассников практическим навыкам и первой рабочей профессии на базе колледжей», - подчеркнул министр просвещения РК Гани Бейсембаев.
На сегодня в системе профтехобразования функционирует 772 колледжа в которых обучается более полумиллиона студентов. По итогам 2024 года объем госзаказа в техническом и профессиональном образовании увеличился на 143 тыс.мест, а стипендия студентов повысилась в два раза.